Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

04.11.2023ж. Аққағаз Досжанова атындағы конференц залында Қазақстан Парламент Мәжілісі VIII - шақырылымының депутаты, спортшы, мемлекеттік қайраткер Назаров Ардақ Құттықожаұлының және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің оқытушысы, тарихшы, Тоқсанбаев Алмас Коргаджановиттің "Нашақорлық - шын қорлық" атты семинар- практикум болып өтті. Семинар-практикумға 9 А", 11 "Б" оқушылары қатысты. Класс жетекшілер: Имангалиева Г, Садыкова Г @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ!
2023 жылдың қыркүйек айынан шығарыла бастаған "АҚТАЕВ ҮНІ" газетінің екінші нөмері жарық көрді. Оқу, әдістеме, тәрбие, дарын, спорт салалары бойынша білім беру мекемесінде жоспарлы түрде үздіксіз және жүйелі жүргізіліп жатқан, сан-салалы жұмыстардың бір бөлігінің ғана мазмұнынан хабардар ететін газет беттерінің саны ай сайын көбейе түсуде. @aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktobe



20.10.2023ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 5-8 сынып ата-аналарына арналған "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбында сабақ өткізілді.

23.10.2023ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 10-11 сынып ата-аналарына арналған "Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу" тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.

13.10.2023ж Біртұтас тәрбие негізінде, оқушылар арасында "Күй орындап, сыйлық ал!" челленджі өтті.Әлі де жалғасын табады. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy#РеспубликакүніАқтөбе2023