- 12
14.10.2024.ж ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен 7 "А"класс оқушыларының қатысуымен біріңғай "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында адалдық сағаты өтті.
- 13
АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ #7
"Ұлттық тәрбие - ел болашағы" тәрбиесінің тұжырымдамалық негізінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарламаның ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтінін басшылыққа алып, әр апта басында мектеп инстаграм парақшасында "Апта дәйексөзі" жарық көрді. Бұл жұмыс жаңа оқу жылының қыркүйек айынан бастап жүзеге асты. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi
- 11
11.10.2024ж. күні Әйтеке би Бәйбекұлының туғанына 380 жыл толуына арналған гүл шоқтарын қою рәсіміне мектебіміздің 8,9 сынып оқушылары және класс жетекшілері қатысты. 8"Ә"сынып жетекшісі Боханова Шолпан, 9"А"сынып жетекшісі Абугазиева Динагүл, 10"В" сынып жетекшісі Жекеева Самал қатысты. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi
- 12
10.10.2024ж "Балалар және театр" жобасы аясында, мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры "Қобыланды" эпосын тамашалады.
- 11
2024 жылдың 09 қазан күні «Қоғамға қызмет» жобасы аясында қарттарға құрмет және шаруашылық көмек көрсету мақсатында мектеп еріктілерді қатыстыру туралы Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, №71 үйінде тұратын зейнеткер ұстаз Искендирова Меруерт әжеміздің ауласында шаруашылық көмек (жерді қазу, жинау, тазарту) көрсету мақсатында төменде көрсетілген еріктілер қатыстырылсын: