Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

30.09.2023ж. Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ-нің бастамасымен, 16 мектеп және колледждің қолдауымен, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Жан" пансионатына барып қамқорлық көрсетті. 
"Мейірімділік әлемді құтқарады"Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі басқаларға қамқор болу,өзгенің мүддесін өз мүддеңнен жоғары қою деген сөз.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

Тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес 1,2 кезеңдердің 4-11класс оқушыларына жалпы сыныпаралық оқушылар жиналыстары өтті.
Күн тәртібінде:
1. Мектептің ішкі және сыртқа біріңғай талаптарын орындау;
2. Құқықбұзушылықтың алдын -алу басты міндет;
3. Жол- көлік оқиғаларының алдын-алу.

#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev

Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ-ның бастамасымен ү.ж. "ЖАС КЕЛІНДЕР" клубы құрылған болатын. Басты мақсаты: ұлттық салт- дәстүрді сақтап, отбасы құндылығын насихаттау. Үлкенді сыйлап, кішіге үлгі боларлық қазақы әулеттің қалпын бұзбау. Ұйымға 30адам мүше.
Болашақ жас қыздарға ақыл-кеңес беру, шаңырақтың татулығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға мектеп-гимназиясының ағылшын пәнінің мұғалімі, "Келіндер" клубының мүшесі Есентаева Ботагоз Амангелдиевна қатысып қайтты. 

Алғашқы отырысын өткізген белсенді келіндер алдағы уақытта түрлі тақырыпта семинар-тренинг өткізіп, жастарға пайдалы рухани кеш ұйымдастыруды жоспарлап отыр @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy
 
 

Тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес, білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты жас суретшілердің көрмесі өткізіліп жатыр.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev

Тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жол-көлік оқиғалардың алдын алу мақсатында барлық сыныптарда жол ережелеріне байланысты сынып сағаттар, түсіндірме профилактикалық жұмыстар, дәрістер өткізілді.

Құрметті оқушылар, жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік! @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy