Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында білім алушылар арасында нашақорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында

бірнеше халықаралық турнирлердің жүлдегері, 2012 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылы Варшавада өткен әлем чемпионатында үшінші орын, 2014 жылы желтоқсанда Жапонияда өткен «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлдегер, 2015 жылдың ақпан айында Дюссельдорфте өткен халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдегері, Бакуде өткен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы (2015 ж. мамыр), 2014 жылы Қазақстан чемпионы, ең үлкен жетістік – 2015 жылғы әлем чемпионатындағы күміс жүлдегері атанған, екі дүркін әлем чемпионы, шығыс спорт түрлері бойынша спорт мектебінің директоры Ибраев Ибраев Рустам Аманжолұлының қатысуымен 8-9-10-11 сынып оқушыларға арналған "Елін әлемге танытқан спортшы ..."кездесу спорт сағаты өткізілді. Оқушыларға жерлесіміз, екі дүркін әлем чемпионы Ибраев Рустам Аманжолұлы өз өмірбаянымен, жетістіктерімен таныстырып өтті. Оқушылардың спортқа деген құлшынысын, қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген қойылған сұрақтарға жауап беріп, мектебіміздің спортшы оқушыларымен бірлескен шебер класс көрсетті.

#РеспубликакүніАқтөбе2023@obrazovanie_gorod_aktobe