Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1) "Электр тогының қауіптілігі" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Электр қауіпсіздігі – адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электірлі магнит өрісінің  және статикалық электірдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру – техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.

2) 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін екінші реттік шикізатты жинау (санитарлық аймақтардан тыс) Осыған орай  мектебіміздің 7 сынып және бастауыш сыныптардың қатысуымен еңбек және экологиялық фракция мүшелері он экобокстарды қабылдады.

3) .Жаңа жылдық қалалық шырша мерекелеріне қатысатын балалардың тізімі анықталып. Қатысушылар қалалық мекеме орындары, жеңілдік категориядағы балалар. «Жаңа жылдық сыйлық» жеңілдік категориядағы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратты. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында мектеп Парламенті, «Жас ұлан» ұйымдарының бейнеқұттықтауы. Жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізілді. Дене шынықтыру пәнінің бірлестігі Г.Туалбаев оқушыларға спорттық іс-шаралар  өткізілді.

4) Мектебімізге «Сиқырлы ертегілер әлемі» атты театр қойылымы келіп өз өнерлерін көрсетті. 4,5 сынып оқушылары қойылымды тамашалады.

5) Отбасы құндылықтарын арттыру және әкелер институтын дамыту мақсатында мектепішілік өткен «Өнерлі әке» байқауының қатысушылары, жүлдегер әкелердің қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» кездесу сағаты өтті. Кездесу барысында әкелер өз ақыл кеңестерін берді. Байқау қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан Ақтаев әкелері дипломдармен марапатталды.

Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл. Өнерпаз оқушылардың қатысуымен домбыра пати болып өтті.

 «Алғысымыз шексіз» атты мерекелік бағдарлама 11 класс оқушылары шағын концерт қойды.

6) . «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» атты іс шаралар жоспарына сәйкес «Құқық және тәртіп» фракциясының ұйымдастыруымен 07.02.2022ж болып өтті. Жетекшісі Матаева Б.З  Фракция көшбасшысы Құрмантай Исламбек.

«Тарихи тұлға айдары» атты іс-шара өз деңгейінде болып өтті.  «Мәдениет және өнер» фракциясының ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті. Жетекшісі: Сайлаубаева Г, фракция көшбасшысы Абуов Таир.

«Экология және біз» атты іс шара «экология және еңбек» фракциясы жоғары деңгейде болып өтті. Бастауыш сынып оқушыларға  керек емес дүниелерден пайдаға асатын дүниелер жасатып үйреттік. Жетекшісі: Кәдірбай А, Фракция көшбасшысы Книсарин. Д, Хайрулла Н