Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық аясында Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейіне саяхатқа барып, құнды жәдігерлермен танысып, «Ғасырларға сыр шертеді» атты Атырау көрмесін тамашалап мектебіміздің 2в класс жетекшісі А.А. Утегенова, ата-аналары, оқушылары күзгі демалысты тиімді және мазмұнды ұйымдастыра білді.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «каникул», «түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық науқан аясында Ақтаев жастарының көмегімен кезекті рейд жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5 қараша күні мектеп спортзалында пневматикалық атудан сайыс өтті. Оқушылар өз шеберліктерін таныта білді. Жетекшісі Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Түбір Ербол Құлтанұлы.
Оқушылардың күзгі демалыстарын тиімді және мазмұнды ұйымдастыру мақсатында №62 орта мектептің қатысуымен ер балалардың арасында баскетболдан жолдастық кездесу болып өтті. Жетекшілері: Нугуманов Арман және №62 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жаумытбаев Айтқали.
11-кластарға кәсіби бағдар беру және мамандыққа баулу бағытында қаламыздың сұранысқа ие университеттің бірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университетінің Физика-Математика, Филология, Шығармашылық, Тарих, Жаратылыстану, факультеттерінің оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу бароысында оқушыларға университет туралы, мамандыққа пәнді қалай таңдау қажеттігі жөнінде көптеген ақпараттар берілді.
Республикаық BeGreen kazakhstan ЮНИСЕФ жобасы және Ұлттық еріктілер қауымдастығының өкілі Касенова Айа ханым 10 «А» класс оқушыларына онлайн эко-сабақ өткізді.
Отбасы- қоғамның іргетасы, аажырамас бөлігі, адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпазы Бекболатовтар отбасы марапатталды.
Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясы директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярова ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің 9-11-кластар бойынша нәтижесін қорытындылап, жүлдегер оқушыларды медальдармен және Дипломдармен марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Директордың оқу және тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары З.Ж.Кулмурзина мен Г. Жүсіп білім додасы жеңімпаздарын құттықтап, қалалық кезеңге тыңғылықты дайындық қажеттілігіне аса көңіл аударды.
Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясының тренерлері Д.Б. Муханбедиярова, Ф.А.Кушекбаева, А.Қ.Алдиярова жетекшілік ететін фокус топ мүшелері даму мен ілгерілеудің формуласы саналатын Lesson Study зерттеу сабақтарын жүргізуді 2-оқу тоқсанында ынтымақтастықпен жалғастырды. Мұғалімнің кәсіби дамуына оңды ықпал ететін тізбектелген әр сабақ оқушыларға " XXl ғасыр дағдысы" деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзіреттілікке жол ашатыны сөзсіз. Ағылшын тілі пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Д.К.Абугазиеваның кезекті жоспарлы зерттеу сабағы өзекті мәселені шешуге бағытталғандығымен әсерлі өтті.
12 қараша 2021 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының бірінші (мектеп) кезеңі өткізілді. Математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен 5-сыныптардан 43 оқушы, 6-сыныптардан 26 оқушы, барлығы-69 оқушы бақ сынады. " Дарын" РҒПО әзірлеген тест тапсырмалары -саны-30, максималды балл-50, тест тапсырмаларының нысаны-бір дұрыс жауабы бар жабық" Тапсырмаларды орындауға 60 минут( 1 астрономиялық сағат) уақыт берілді. Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Д.Б.Муханбедиярова мен З.Ж.Кулмурзина жетекшілік еткен мектеп- гимназиясының ұйымдастыру комитеті олимпиаданы үйлестіру, бақылау, талдау және қорытындылау жұмыстарын жасап, ақпаратты қалалық білім бөліміне жолдады. Үкілі үмітпен және өз білімдеріне деген сеніммен нәтижесін күтеді.
30 қазан күні "Еңбек-елдің мұраты" жобасы аясында зейнеткер ұстазға шаруашылық қамқор көрсету мақсатында және "Болашақ" еріктілер клубының жұмысын арттыру мақсатында Жанқожа батыр, 71 үйінде тұратын мектебіміздің зейнеткер ұстазы Искендирова Меруерт апаның үйіне "Болашақ" еріктілер клубының жетекшісі М.Амангельдин, педагог-ұйымдастырушы Н.Тілешова және клуб мүшелері шаруашылық көмекті көрсетті.
13- қараша күні №10 орта мектеп базасында Ақтөбе қаласы бойынша 5-6 сыныптарға Алтын Сақа Олимпиадасының қалалық кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Алтын сақа Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектеп- гимназиядан қатысқан 4 оқушының ішінде 5"Б" класс оқушысы Жұбаниязова Саида Грамота иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. ??? Саидаға Облыстық кезеңнен сүрінбей өтуіне тілектестік білдіреміз!
Менің әлемім: сұлулықпен мейірімділік әлемі атты іс шарадан үзінді.
Қайырылымдылық - ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық жасаудың тек өзгеге ғана емес, өзіңе де пайдасы зор. Бала кезінен игі істерге баулу, оның қажеттілігін түсіндіру маңызды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектепішілік ұйымдастырған "Мейірімді жүрек" қайырымдылық акциясы өтуде. Сол акцияға 11"Ә" сынып оқушылары қолдау білдіріп, қайырымдылыққа барды. Оқушылар бір күндік жұмсайтын ақшаларын салып, жиналған қаржыға көмекке мұқтаж отбасыға азық-түлік апарып берді. Осындай акциялар жалғасын таба берсін...