Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

28.10.2023ж. күні күні "Ақтөбе қаласының білім бөлімі"ММ "Әдістемелік кабинет" КММ-нің қолдауымен Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 25 қазан- Республика күніне орай

Ақтөбе мектеп лигасы оқушыларының "Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстаным!" атты қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Матаева Бақыт Зулхарнаевна барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Пікірсайыс турнирінің жетекшісі Амангельдин Мерей Қалматұлы турнирдің жұмыс тәртібімен таныстырып өтті. Турнирдің ашылуын мектебіміздің мақтаныштары, Республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары 2 "Ә" сынып оқушысы Серік Ерасыл "Ғажап елім"әні 4 "А" сынып оқушысы Аслан Ернар "Отан"әнімен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. 
Мақсаты: Оқушылар арасында шешендік шеберлігі бар, өзінің қөзқарасын, өз командасының мүддесін сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету;
Нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қалыптастыру, жастардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру;
Ақтөбе қаласында жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту;
Жастар арасында ұлттық рухты кеңінен насихаттау;
Жастардың бойында патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Ойындар американдық парламенттік формат бойынша өткізілді. Турнир АПФ 3 іріктеу айналымынан 1/8, 1/4 жартылай финал және финалға ЛД 1/2 финалға бөлінді. 
Пікірсайыс турниріне #75#15#51#32#78#28,Дарын, #56,#125 мектептері қатысты. 
Нәтежиесінде:
Альфа лигасы 
I орын: "Дәуір біздікі" фракциясы
II орын: "Оян қазақ!" фракциясы
III орын: "А және А " фракциясы
III орын: "32" фракциясы
"Үздік спикер" номинациясы-Сәрсенбай Жұлдыз
"Үздік төреші"- номинациясы Жанкабаев Ержан

Бетта Лигасы
I орын: "Дарын QL" фракциясы
II орын: "Элита" фракциясы 
III орын: "Shine" фракциясы 
IIIорын: "Forever" фракциясы 
"Үздік спикер" номинациясы: Маратова Аружан
"Үздік төреші" номинациясы: Еркін Сарин
Құттықтаймыз!