Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 10 “В” сынып оқушысы Шәкіржан Мансұр Қазақстанның ЮНЕСКО Париждегі мәдени дипломатиялық ассоцияциясының қолдауымен,

ART-PALETTE-TALANT ұйымдастыруымен “Әлем балалардың көзімен” Халықаралық балалар мен жасөспірімдер онлайн сурет көрмесіне қатысып, жүлделі 1 орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Дарынды ұстаз Туысова Акбота Ерсайновна талантын шыңдап, дарынын дамытып жүрген, сүйікті шәкірті Шәкіржан Мансұрды мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна Ақтаевтың абыройын асқақтатуға қосқан үлесін мақтаныш ете отырып, кезекті жеңісімен құттықтады. Алдағы уақытта болатын түрлі халықаралық және республикалық сайыстарда жүлделі орын иеленетініне сенім білдірді.
@obrazovanie_gorod_aktobe