Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Дарынды шәкіртті дарынды ұстаз ғана дайындай алады.


Оның бірден бір дәлелі-Акбота Ерсайновнаның еңбекқорлығы мен табандылығы.
Акбота Ерсайновна дайындаған 8 “Ә” сынып оқушысы Сагидуакас Фатима мен 10 “В” сынып оқушысы Шәкіржан Мансұр Қазақстанның ЮНЕСКО Париждегі мәдени дипломатиялық ассоцияциясының қолдауымен, ART-PALETTE-TALANT ұйымдастыруымен “Әлем балалардың көзімен” Халықаралық балалар мен жасөспірімдер онлайн сурет көрмесіне қатысып, жүлделі 1 орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Ақтаевтың абыройын асқақтатып жүрген дарынды ұстаз Акбота Ерсайновнаны мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна кезекті жетістігімен қуана құттықтап, әкімшілік пен педагогикалық ұжым атынан шығармашылық табыстар тіледі.
Талантты шәкірттерінің шабытын шыңдап, қанаттарын қатайту мақсатындағы ізденіс жұмыстары мен тынымсыз еңбегі алда талай шыңдарға шығарары сөзсіз.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy