Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 2 наурыз күні 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп-гимназиямыздың 8-11 сынып арулары арасында “ Burymdy quz” қыздар байқауы өткізілді.


Байқаудың мақсаты: қазақ халқының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу.
Аруларымыз “Амандасу-танысу”, “Шебер қолдар”, “Салт-дәстүрім-алтын қазынам”, “Бұрымды қыз” шарттары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде “Бұрымды ару” номинациясымен Бас жүлде иеленген 9 “В” сынып аруы Болатбекқызы Ақпейіл(шашының ұзындығы 86 см),І орын иегерлері 8 “Б” сынып аруы Еркінбек Еркегүлім, 9 “А” сынып аруы Бөлебай Айым, ІІ орын иегерлері 8 “А” сынып аруы Жайшылықова Макила, 9 “Б” сынып аруы Амангельдиева Камила, ІІІ орын иегерлері 8 “Ә” сынып аруы Елубесова Айханым, 8 “Г” сынып аруы Мұқамбетқалиева Кәусар, Алғыс хатпен 8 “В” сынып аруы Байкенова Мадина марапатталды.
Барша аруларымызды келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, мол бақыт тілейміз! Оқуда озат болыңыздар!
Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері Г.Сайлаубаева, мектеп кітапханашысы М.Базарбаева @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy