7.11.2022ж. күні Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен Джиу-джитсу спорт түрінен өткізілген әлем чемпионатында I орын иеленген Төрехан Хамза Алмасұлы, 2006 жылғы мектеп түлегі, Ақтөбе облысы грек-рим, еркін әйелдер күресі федерациясының вице-президенті, Төрехан Хамзаның асқар тау әкесі Жұмағалиев Алмас Төреханұлы, аяулы анасы Жумагалиева Арайлым Оралбековна және біздің чемпионның бас бапкері, грэпплинг күресінен Азия жүлдегері Айдаралин Досым мырзамен кездесу сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
“Мақтансаң - ұрпағыңмен мақтан”дегендей Жұмағалиевтер отбасы бүгінгідей бәйтеректей жайылып, білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеген елге сыйлы, ордалы отбасы.