Бүгін: 06.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми- тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясы директорының оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, дарынды оқушылардың жетекшісі З.Ж.Кулмурзинаның жетекшілігімен 16 сәуірде өткізілген 10 класс оқушылары арасында математика пәнінен

"Алтын түлек" олимпиадасының мектепішілік кезеңінен Бекжанова Әдемі мен Ғалымжан Батырбек қалалық кезеңге жолдама алып, 29 сәуір күні өткізілген қалалық кезеңде өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде, Ғалымжан Батырбек ІІІ орынды иеленіп, "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебіне 50% жеңілдік пен 5000 теңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Бекжанова Әдемі ІV орын иеленіп, "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебіне 40% жеңілдік ұтып алды.?
Осы оқушыларды білім додасына дайындап, білімін шыңдаған пән мұғалімі, педагог- зерттеуші Избасарова Райля Куатжановнаны оқушыларының жетістіктерімен құттықтаймыз! ?Еңбегіңіз еленіп, шәкірттеріңіздің білім шыңын бағындыра беруіне тілектеспіз!