Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Наурыз айының 24, 25 күндері облыстық білім бөлімі және қаладағы Әлия мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №55 ОМГ базасында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алуға арналған дәстүрлі облыстық "Мерген ару - 2022" атты қыз балалар арасында пневматикалық винтовкадан ату сайысы өткізілді. Сайысқа қала және аудандардан 15 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысында қаладағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ оқушысы Диярова Дилназ бас жүлдені жеңіп алып жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі 1-орынға бірдей ұпайлармен №17 МГ оқушысы Облысова Әсел, Алға ауданы №4 ОМ оқушысы Амангелдиева Диана және қаланың №51 МГ оқушысы Сәрсенғалиева Альбина иемденді.


2-орынды Мәртүк ауданы, Қызылжар ОМ оқушысы Төреғазина Көркем, қаланың №56 ОМ оқушысы Аблаева Аянат және №51 МГ оқушысы Парасат Әлия иемденді.
3-орынды қаланың №55 МГ оқушысы Байтурина Тасмина, Мәртүк ауданы, Родниковка ОМ оқушысы Цой Екатерина, Шалқар ауданы, №5 МЛ оқушысы Өтеуова Диляра және Ойыл ауданы Саға ОМ оқушысы Сағынғалиева Аружан иемденді.
Командалық есеп бойынша 1-орынды Ақтөбе қаласы, Астана ауданы командасы, 2-орынды
Алматы ауданы командасы алса 3- орынды Шалқар және Ойыл аудандарының командалары бөлісті. Мектебіміздің мақтанышы, мерген ару Диярова Дильназды шын жүректен құттықтаймыз!??