2022 жылдың 11 наурызында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп гимназия базасында "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Әдістемелік кабинет" КММ ұйымдастыруымен қала гимназияларының оқушылары арасында ағылшын тілінен "Linguatrip" атты лингвистикалық сайыс өтті. Сайыс ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдету және жетілдіру, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, айқындау мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері Темирханова Раушан Кабдошевнаның қатысуымен және Қ.Жұбанов Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы Оразова А.А, Ақтөбе қаласындағы "Америка бұрышы" координаторы Утешова А.Т. мен "KazGUU school" мұғалімі Joylen T.Gonzalez төрелігімен бағаланды. Сайысқа №6;21;32;41;51;55 мектеп гимназиялардың оқушылары қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегіше жүлделі орындарға ие болды:
?#51 мектеп-гимназия
?#21 мектеп-гимназия
?#6 мектеп гимназиясының оқушылары Әділханова Әсем;
Сатыбалдиева Сабина;
Басығара Аяулым.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!
2022 жылдың 11 наурызында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп гимназия базасында "Ақтөбе қаласының білім бөлімі"
- 41
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
Романова Жания Орынжаевна