Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 19.10.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіп Гүлмира Тұрмұқанқызы тасымалдау жұмысына байланысты көлік жүргізушілерімен және ұзартылған күн тобы тәрбиешілерімен кеңесу сағатын өткізді.

Ата-аналардың өтінішімен және қолдауымен алғаш ұйымдастырылған көлік тасымалы күнбе-күн реттеліп, бүгінгі таңда қалыпты жағдайға түсті. Жүргізушілердің категориясы, еңбек өтілі, денсаулықтары, қажетті құжаттары талапқа сәйкес. Кеңесте барлық жағдай балалар үшін жасалатыны, басты мәселе-балалардың өмір қауіпсіздігінің сақталуы, көңіл-күйлерінің бұзылмауы, сабақтан кешіктірілмеуі екендігі баса айтылды.




@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy