Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

9 қазан 2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында саяжай тұрғындары-құрметті ата-аналарымыздың бірнеше жылдар үздіксіз жасап келе жатқан өтініш-тілектері қабылданып, сүйікті шәкірттерімізді тегін тасымалдау автобустары өз жұмыстарын бастады.


1 және 2 ауысымдар бойынша 3 автобусқа 6 ұзартылған күн тобының тәрбиешілері бұйрықпен бекітіліп, алдын ала мекен-жайларға сәйкес жасақталған тізім бойынша білім алушыларды белгіленген аялдамалардан алып кету және апарып салу жұмыстарын алғашқы күн жауапкершілікпен атқарып шықты. 
Ең бастысы, балаларымыздың өмірлерінің қауіпсіздігі, олардың тегін білім алуларына барынша қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше жағдай туғызу-педагогикалық ұжым мен ата-аналар қауымының бірлескен міндеті болмақ.
Үш Одақтың бір-біріне ықыласы көңілімізге қуаныш ұялатты.
Мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна мен тәрбие ісінің орынбасары Жүсіп Гүлмира Тұрмұқанқызы кездескен қолайсыз тұстарды кеңесе отырып оңтайлы шешуді жоспарлады.
@obrazovanie_gorod_aktobe