Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының биология, химия, тіл білімі (ағылшын), тарих секциялары бойынша 11 дарынды оқушысының жеке және топтық 7 зерттеу жұмысы 3 және 4 бағыттар бойынша жалпы білім беретін пәндердің республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңіне қатынасты. Нәтижесінде, 4 зерттеу жұмысы жүлделі орындарды иеленді: 1-орын жүлдегерлері 11"А" класс оқушылары 
Шындалиева Нұрайым мен Жолдасова Зарина, жетекшісі:
химия пәнінің майталман маманы, педагог- зерттеуші, ғылыми жоба жетекшісі Байшуақова Бекзада Абдихамиевна. 
 
2 орын жүлдегерлері 9 "А" класс оқушылары Шаймырза Амирхан мен Бақтияр Махаббат, жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің білікті маманы, педагог- зерттеуші , ғылыми жоба жетекшісі Мукашева Светлана Сериковна. 
 
3 орын жүлдегерлері 11"А" класс оқушылары Набиева Акмарал мен Жалғасова Нилуфар, жетекшісі: биология пәнінің майталман маманы, педагог- зерттеуші, ғылыми жоба жетекшісі Жақанова Нұрзия Жансейітқызы. 
 
3 орын жүлдегерлері 11"Б" класс оқушылары Тулебаева Альбина мен Тлеубаева Маншук, жетекшісі: химия пәнінің педагог- модератор маманы, ғылыми жоба жетекшісі Қаржаубаева Камила Түрікпенбаевна.
 
Дарынды оқушыларымызды және олардың бапкерлері-жетекшілерін тұғырлы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!