Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

31.01.2024ж. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының кезекті 4-сабағы 5-9 сыныптардың ата-аналары үшін өткізілді. 
?Тақырыбы: "Бұлақ көрсең, көзін аш!"Баланың шығармашылық қабілетін дамыту. 


Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – орталықтың мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.
⚜️Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Баланың шығармашылық қабілетін қалай дамытамыз? 
?1. Отбасы жағдайында жасөспірімнің шығармашылық ойлауын дамыту әдістері.
?2. Ертегі ойлап табуға үйрету;
?3. Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы;
?4. Балалармен жүргізілетін шығармашылық әрекеттің тиімділігін арттыру;
?5. Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі;
Жауаптылар: ДТЖО Б.З.Матаева,
Г.Т.Жүсіп, әлеуметтік педагогтары: Ә.Шүйінші, Ә.Туретова, педагог психолог А.А.Канжагулова. 

5"В" ,6"В",7"В" ,8"В" , 9"В"сынып жетекшілері: О.Есималиева, А.Алдиярова, Г.Исмайлова, А.Ахмет, Ш.Байгараева. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy