Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Рестубликасының әділет министрлігі, Ақтөбе облысының әділет департаменті, Ақтөбе қаласының әділет басқармасы заңды тұлға мемлекеттік қайта тіркеуден 07.11.2017ж. өткізілді. Күәлік № 3597-1904-01-ММ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 18.09.2017ж.№5002 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ негізінде құрылған

мемлекеттік мекеменің ішкі тәртіп ережелері, «Оқушылар ережелері» және

«Ата –аналар үшін ережелері».

 

1.Мектептегі тәртіп оқушылардың, ұстаздардың және мектептің басқа да жұмысшыларының адами қасиеттерін құрметтеуге негізделіп құрылған.

2.Оқушылар құқығы мен міндеттері мектеп Жарғысы және Жарғыда қаралған актілермен реттеледі.

3.Оқушылар мектеп Жарғысын орындауға, оқуға жауапкершілікпен қарауға, мүліктерді күтіп ұстауға, басқа оқушылардың және мектеп жұмысшыларының ар-намысын, басқа да қасиеттерін сыйлауға міндетті.

4.Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымынының Жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

5.Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайларды

болдырмау, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету , экстремалды, төтенше жағдайларды, оқушылар арасында болатын оқыс жағдайлар мен травматизмді болдырмау және олардың алдын -шараларын жүзеге асыру мақсатында:

  1. Барлық ұжым мүшелеріне :

    1. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қадағалау жауапкершілігін арттыру:

    2. Балалар мен ата-аналар арасындағы педагогикалық этиканың сақталуын мүлтіксіз орындауын қадағалау ;

    3. Бөгде адамдардың білім беру мекемесіне кіруін шектеу;

    4. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы, көліктегі тәртіп, жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытуды қамтамасыз ету жөнінде жоспардан тыс күнделікті соңғы сабақтар кезінде нұсқаулықтар өткізу;

    5. Оқу кабинеттерінде электр құрылғыларын пайдалануға тыйым салу;

    6. Оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында мектепте қызметкерлер арасында ұйымдастырылатын кезекшілікті жауапкершілікпен орындау;

    7. Балалардың қызметтік орындарға кедергісіз қол жетімділігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;

  2. 1-11-класс жетекшілеріне:

    1. Ата-аналарға (заңды тұлғаларға) балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілігі, аулалар мен саябақтарда, су қойнауы қасында, балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін орындарда қараусыз қалдырмауын ескерту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    2. Балалар мен ата-аналарға арналған мектептегі, қоғамдық жерлердегі, транспорттағы, даладағы тәртіпке байланысты ескерту жасау шаралары класс жетекшілерге міндеттеу;

  3. Оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында мектепте қызметкерлер арасында кезекшілік ұйымдастыру;

  4. Оқу орнын ішкі және сыртқы бақылау камераларымен жарақтандыру шаралары ұйымдастыру;

  5. Оқушыларға байланысты оқыс жағдайлар болған кезде кезекші мұғалім мектеп әкімшілігінен кезекшілікке жауапты адамға, мектеп әкімшілігінен жауапты адам арқылы қалалық білім бөліміне жедел хабарлау;

  6. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызмет ресурстарын пайдалана отырып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үйден, мектептен өз еркімен кетіп қалу мінез-құлқының алдын-алуға бағытталған қызметтерін тиімді ұйымдастыру.

6.«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығын басшылыққа алу.

Оқушы өз отанының азаматы болуы үшін болашақ қоғамды қалыптастыратын жан-жақты дамыған және білімді болуы міндетті:

- сабақ кестесі бойынша сабаққа қатысуы;

  • оқу бағдарламаларын жүйелі және терең меңгеру;

  • мәдениет деңгейін көтеру;

  • мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу;

  • мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағыну;

  • мектеп мүліктеріне ұқыпты қарау;

  • тәртіпті болу және тәртіпті оқушыдан үлгі алу;

  • ұжымды сыйлау, сенімін бағалау, ұжымның қоғамдық жастар ұйымның жұмыстарын орындауда ынталылығын көрсету;

  • үлкендердің және достарыңның ескертуін тыңдай білу, қателіктерін мойындауды және түзетуді үйрену;

  • сабаққа жан-жақты дайындалу, үй тапсырмаларын, қажетті оқу құралдарын және жазба жұмыстарын орындап, дұрыс жоспарлау;

  • ұқыпты болу, уақытты дұрыс пайдалану,дұрыс жоспарлау; мектеп жұмысшыларының, педагогтардың үкімдерін орындау;

  • ата-ананы, отбасы мүшелерін сыйлау, үйдегі жұмыстарға көмектесу; үлкендерге, балаларға, ауру және мүгедек адамдарға кішіпейілдік таныту;

  • мектеп ғимаратында (сабақ кезінде, үзілісте) ұялы телефондарды (смартфон) смартфон сенсорлық сағат пайдаланбау;

  • салауатты өмір салтын жүргізу, мәдени деңгейін көтеру, қоғамға жат әрекеттердің көрініс алуына шыдамсыздықпен қарау;

  • 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық

іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы негізінде бетперде (маска) режимін сақтау (2-3 масқа болу тиіс), жеке және мектептің антисептикті пайдалану, пайдаланған бетперделерді (маскілерді) арнайы қорапқа салу, өзіннің денсаулығы үшін арақашықтықты сақтау, басқа кабинеттерге бармау, денсаулығын нығайту, дене тәрбиесімен айналысу, күн режимін құру, спортпен айналысу;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті;

  • бекітілген мектеп формасын кию, әскери, спорттық киімдер ( ақ футболка) мен екінші аяқ киімі болуға тиіс;

  • мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасын таңдауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы басшылыққа алынады.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді;
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі;
Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады;
Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі;
Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдай алады.

Білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға ішкі тәртібінің ережелерімен көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.

«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығын, мектеп ЖАРҒЫСЫН және 31.08.2021ж. №1 педагогикалық кеңестің хаттамасын, 01.09.2021ж № 120-1 бұйрығын негізге ала отырып, киім кию талаптары:

- ұқыпты пен таза киім, үйлесімді шаш үлгісі;

- санитарлық талаптарды орындау мақсатында екінші аяқ-киім кию міндетті, төменгі температура болған жағдайда ата-аналар комитеті мен мектеп әкімшілігінің келісімімен екінші аяқ-киім кию міндеттелмейді; - мектеп әкімшілігі бекіткен мектеп формасын кию міндетті. - мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Мектеп формасына діни элементтерді қосуға қатаң тыйым салынады. Хиджаб, боно, орамал, паранджа, бурку, никаб, тюрбан т.б. киімдерді киюге, ер балаларға шалбар тобықтан жоғары болмауы, яғни қатаң түрде тыйым салынады.Ашық далапты қолдануға және дене мүшесіне сурет салуға болмайды. Пирсинг жасауға, шашты, тырнақ бояуға, қас, кірпік бояуға, сенсорлық сағат, сырға, сақина, браслет киюге тыйым салынады.

Мектеп формасының тізімдері:

1-11- кластар

Ұл балалар үшін мектеп формасы:

Қыз балалар үшін мектеп формасы:

Қою көк түсті (темно-синий) классикалық жилет, классикалық үлгідегі шалбар (тобықты жауып тұратын болу керек), ақ жейде, пиджақ міндетті емес. Қою көк түсті (темно-синий), қара галстук. Шаш үлгісі қысқа, классикалық үлгіде, оқушыға сай болу керек.

 

Қою көк түсті (темно-синий) классикалық сарафан, ұзындығы тізеге дейін, қысқа болмау тиіс, ақ жейде. Шаш үлгісі түйіліп жиналған немесе екі жаққа өрілген, ақ бантик. Ақ, қара, дене түсті колготки, аяқ-киім.

 

Ұл балалар мен қыз балалардың аяқ киімдері классикалық үлгіде болуы қажет.

  1. АӘД және дене шынықтыру сабақтарында білім алушылардың киім үлгісі ерекше болады АӘД сабағында қыз балалар мен ұл балалар әскери жасыл түсті жейде киеді.

  2. Дене шынықтыру сабағында ұл балалар мен қыз балалар бірыңғай қою көк түсті спорттық костюм, шалбар, спорттық аяқ киім (кеды, кроссовка). 1-11 класс оқушылары ақ түсті футболка киеді.

Мектеп әкімшілігі мектеп формасының бір стильде болуын таңдау құқығын өз құзырына қалдырады. Оқушылардың барлығы бір ережеге бағынып, сабаққа таза, жинақы әрі ұқыпты киім киіп, мектепте тәртіпті болып жүруі қажет. Мұғалім мектеп әкімшілігі, класс жетекші мектеп формасын кимеген оқушыны үйіне қайтарып жіберуге және ата-анасына хабарлауға құқылы. Денені (ішін, белін, кеудесін) ашып жүруге, діни элементтері бар киімдерді, яғни орамалды, хиджабты, никабты немесе тюрбанды киюге тыйым салынады.

 

Сабақ үстінде өзін-өзі ұстау ережесі.

Білім алушы оқу кабинетіне сабақ басталмас бұрын келуге міндетті. Сабақтан кешіккен оқушы класс жетекшісіне себебін түсіндіруге міндетті. Сабақтан 15 минутқа кешіккен жағдайда директордың орынбасарына түсініктеме жазады. Әр сабақ басталарда оқушы мұғаліммен орыннан тұрып амандасады. Білім алушылар педагогке аты-жөнін (есімі, әкесінің аты) айтуы тиіс.

Сабақ уақытында оқу кабинетінен мұғалімнің рұқсатымен ғана шығады. Сабақ уақытында оқушы мұғалімі мен жолдастарына кедергі келтірмеуі керек Сабақ уақытында мұғалімге дөрекі сөйлеуге, әңгімелесуге, ойнауға, сабаққа қатысы жоқ істермен айналысуға болмайды. Сабақтан кейін бос уақытын кітапханаға, үйірмеге, факультативке қатысып, уақытын тиімді пайдалану керек. Оқушының сабақтан қалуы мынадай жағдайларда себепті болады: ауырғанда ( дәрігердің сабақтан босату туралы анықтамасы), әскери бөліміне шақырту қағазы, ата-ананың жазбаша арызы, спорттық шаралар мен кластын тыс шараларға қатысу туралы анықтамалары болған жағдайда;

Оқушы мектептің ішкі тәртіп ережелерін бұзған жағдайда мектеп әкімшілігіне шақырылады:

Ата-ананы хабардар ету;

Ата-ананы мектепке шақырту;

Оқушыны мектеп психологына, дәрігерге әңгімелесуге жіберу;

Мектептің, кластың ата-аналар комитетінің отырысына шақыру;

Педагогикалық кеңеске, әкімшілік отырысқа шақыру. Тәртіпке шақыру мадақтау және шара қолдану ережелеріне сай реттеледі.

 

Оқушыларға тыйым салынады:

- мектепке қару, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерін, токсикологиялық және наркотикалық заттарды әкелуге, басқа біреуге беруге, қолдануға;

- жарылысқа және өртке әкеліп соқтыратын кез - келген заттарды қолдануға;

- қарым-қатынасты шешу үшін, қорқытуға, күш қолдануға;

- итеру, ұрлық жасауға, бір нәрсені лақтыру, қорқыту арқылы талап ету, зорлық жасау сияқты айналадағыларға қауіпті кез келген әрекеттер істеуге.

 

7.«Ақтөбе қаласының білі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫНЫҢ 8.24. қосымшасы:

Негіз: ҚР Білім және ғылым Министрлігі «Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, пайдаланылу үшін шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы, ҚР Әділет министрілігінде 2021 жылғы 28 мамырда №22857, ҚР білім және ғылым вице-минстрдің №3-15-3/3774-И 23.06.2021ж. шығыс хаты, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің 24.11.2021 жылғы № 1-6117 шығыс хаты.

 

Оқушыларға тыйым салынады:

 

Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі

 

1. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар*:

 

1) атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, пневматикалық, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері**:

 

атыс қаруына тән жеке құрылымдық элементтері мен тетіктері немесе сыртқы белгілері бар, бірақ нысананы зақымдауға арналмаған заттар (құрылыс құралдары, сигналдық құрылғылар, линеметтер);

 

зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;

 

зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген заттар;

 

қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері, снарядтар, жебелер;

 

жоғарыда аталған қару түрлерін имитациялайтын заттар.

 

2) шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оның ішінде:

 

барлық түрдегі пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер (білім беру ұйымдарының аумағындағы орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда), садақтар, арбалеттер, мүйізтұмсықтар, балталар, қылыштар, семсерлер, барлық түрдегі медициналық скальпельдер (оқу процесінде пайдалану жағдайларын қоспағанда), жебелер мен дарттар, арпундар мен найзалар, мұзтұтқыштар, металл жұлдыздар, түйреуіштер, шоқпарлар, таяқшалар, кастеттер, нунчактар;

 

білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттарында пайдалану жағдайларын қоспағанда, шегелерді қағу және болттарды бекіту үшін өнеркәсіптік құрылғылар, шанышқылы немесе кескіш заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік құралдар;

 

медициналық шприцтер ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) № 026/у нысанындағы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы болмаған кезде).

 

3) оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:

 

жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;

 

фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;

 

сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);

 

құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);

 

психикаға белсенді әсер ететін заттар;

 

темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.

 

2. Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдаланалуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі*:

 

1) оқу сабақтары кезінде (әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда) ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғылары (пейджер, планшеттер, смартфондар***, iPad (Айпад), iPod (Айпод), плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер));

 

2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанындағы дәрігерлік - -консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалған препараттарды қоспағанда, дәрілік препараттар (әскери, арнаулы оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының аумағында пайдалану жағдайларын қоспағанда).

 

Ескертпе:

 

* білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері үшін;

 

** әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, ғимараттарды күзету, хат-хабарлар мен арнайы жөнелтімдерді жеткізу, тиісті рұқсаты болған кезде күзетілетін адамдарды алып жүру кезінде;

 

*** ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қоспағанда.

 

8.«Ақтөбе қаласының білі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫНЫҢ 3.1., 6.8., 8.27. қосымшасы:

 

Негіз: ҚР Үкіметінің 28.08.2013жылғы «ҚР террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» № 876 қаулысы, ҚР Үкіметінің 12.11.2013жылғы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризме қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» № 1217 қаулысы, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын күшейту туралы» Ақтөбе қалалық білім бөлімі» ММ-нің 12.05.2021ж. №145 бұйрығы.

 

8.27.1. Мектеп-гимназиядағы ішкі тәртіп ережесінің орындалуын бақылауды күшейту, мектеп ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу, бейнебақылау жүйесінің қалыпты жұмыс жасауын қадағалау жұмыстары кезекші-педагогтардың, жұмысшы-қызметкерлердің жауапкершіліктеріне міндеттеліп, мектептегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.

 

8.27.2. Мектеп-гимназияның педагогтарымен, жұмысшы-қызметкерлерімен және оқушыларымен ҚР қылмыстық істері кодексінде қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірме жұмысты жүргізу.

 

8.27.3. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесіне сәйкес рұқсат етелмейді.

 

9.«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығын, мектеп ЖАРҒЫСЫН және 03.11.2018ж. №1 педагогикалық кеңестің хаттамасын, 13.01.2018ж № 120-1 бұйрығын негізге ала отырып, ата-аналар үшін ереже:

1. Ата-аналармен жұмыс істеу - оқу-тәрбие процесінің ажырамас бір бөлігі.

2. Ата-аналар балаларының өмірі мен оқуларына жақсы және қауіпсіз жағдай жасайды. Олардың интеллектуалдық және физикалық қабілеттерін дамыту үшін, адами тұрғыда дамуы үшін жақсы жағдайды қамтамасыз етеді.

3. Бес жасқа дейінгі балаларына мектепке дейінгі дайындыққа, алты жастан бастап Жалпы білім беретін мектепке беруді қамтамасыз етеді.

4. Балаларын оқытуда және тәрбиелеуде білім беру мекемелерімен біріге жұмыс істейді.

5. Оқу мекемесінде балалардың сабаққа қатысымын, мектеп формасын киюін қадағалап отырады.

6. Мектептегі тәрбие үрдісінде түрлі қоғамдық тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысады.

7. Мектептің педагогикалық ұжымымен, баласының сынып жетекшісімен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасай отырып, балаларының «Оқушылар ережесін» саналы түрде орындауына ықпал жасап, мекеме тәртібінің сақталуына қолдау көрсетеді.

8. Адамгершілік адами қасиеттерді бағалап, келеңсіздіктерге жол бермейді, әрбір адамның жеке басының құқығын қорғайды.

9. Тоқсан сайын өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысады, өз ойын, пікірін ашық айтады.

10. Мектебіміздің ата-аналар қауымдастығының абырой, беделін әрдайым қорғайды.

11. Ақтөбе облысының прокуратурасы №2-03070-16-13551 2016 жылғы 10 қазандағы және 2016 Ақтөбе облысының білім басқармасының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 2-5880 хатына сәйкес мектепте смартфон телефондарды пайдалануға тыйым салу ақпаратпен таныстырылды және жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мектепте смартфон пайдаланбайтындығын тағы ескертіледі.

12. Ата-ана немесе заңды өкілінің міндеті:

(ҚР «Білім туралы Заңы» 27 шілде 2007 жыл №319-ІІІ(11.07.2017ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 49-бап . Ата-анамен заңды өкілдің міндеті мен құқықтары))

12.1 балаларға өмір сүруге және білм алуға қауіпсіз және салауатты жағдай жасау, олардың тұлғалық, денелік дамуына қолдау көрсету, адами ізгі қасиеттерін қалыптастыру;

12.2 оқушы туралы мәліметтерді уақытылы беріп тұру(баланың туу туралы куәлігі, нақты мекен-жайы туралы, ЖСН, отбасы құрамы, ата-анасы немесе заңды өкілі туралы , Медициналық бақылау комиссиясының (МБК), Қалалық психологиялық, медициналық , педагогикалық консультация (қалПМПк) анықтамасы);

12.3 оқушының сабаққа қатыспағандығы себебін растайтын дәрігерлік анықтамасы мен басқа да құжаттарды уақытылы әкелу;

12.4 білім беру мекемесінің Жарғысы мен ішкі тәртіп Ережелерінде көрсетілген ережелер мен талаптарды орындау;

12.5 оқушылардың сабаққа қатысымы мен мектептің ішкі тәртібін бұзбауын қадағалау;

12.6 білім беру мекемесінің дәстүрлері мен қызметкерлерінің ар-намысын, атақ-абыройын құрметтеу;

12.7 ҚР «Білім туралы» заңының 49 бабының 2 тармағы, 3, 6 және 7 тармақтарына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасын сақтауға, білім беру ұйымы бекіткен киім үлгісін ұстануға міндетті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйрықтың 13,20 тармақшаларында «мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды», «ата-аналар мен өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында мектеп формасын киюіне жауап береді» делінген, сол себепті баланың мектеп формасын сақтауына, сабаққа тек мектеп формасымен қатысуына ата-ана мен өзге заңды өкіл жауапты.

Жоғарыда аталған заңнамаларды басшылыққа ала отырып, мектепте оқитын оқушы мектептегі сабақ уақыты кезінде, бекітілген мектеп формасын қатаң сақтау қажеттігін хабарлап ескертеміз. Егерде бекітілген мектеп формасын сақтамаған жағдайда ҚР ӘҚБК-ң 409 - бабының 2 – тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

10.Мектеп құқығы:

Мектеп басшылыққа алады:

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 409 бабының 2 тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы оларға 5 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер іс-әрекет (әрекетсіздік) осы баптың екінші тармағында көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жылда қайталанып жасалған әрекеттер жеке тұлғаларға 20 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің баптарына сәйкес ата-аналар балаларының заңды өкілдері болып табылады.

Бала тәрбиелеп отырған ата-аналар балаларының физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына жауапты, және де баланың міндеті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Ата-аналардың құқықтары балалардың мүддесіне қолайлы және олардың дамуына қауіпсіз жағдай жасау, тәрбиелеу және оқыту болып табылады.

Ата-аналық құқықтарын теріс пайдалану дегеніміз өз құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы әрекет ету, мысалға, білім алуына кедергі тудыру, қайыр сұрауға, ұрлыққа, жезөкшелікке, спирттік ішімдік пен нашаны пайдалануға мәжбүрлеу және т.б.

Осыған сәйкес ата-аналық құқықтарын теріс пайдаланғандар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 75 бабының 3 тармағына сәйкес ата-аналық құқығынан айрылады.

Ерекше жағдайда білім мекемесінің шешімі бойынша заңға қайшы әрекет жасағаны үшін,мектеп Жарғысын бірнеше рет бұзғаны үшін 16 жасқа толмаған оқушыны мектептен шығарып жіберуге, ал ,жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын комиссияның және қамқоршылық кеңестің, қамқорлыққа алған өкілдердің шешімімен жүзеге асады.

 

Оқушының аты-жөні

Оқушылар ережесімен таныстым