Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Жасөспірімдердің ата – аналарына психологиялық көмек

Жасөспірімдік шақта (10-16 жас аралығы) балаларыңызға ата-ананың қолдауы, түсіністік танытуы өте маңызды. Осы кезде бала ағзасында салмақты физиологиялық өзгерістер болады.

- Ағзаның жыныстық қызметін реттейтін жаңа гормондар пайда болады, жыныстық жетілу процесі басталады.

- Жаңа гормондардың әсерімен жасөспірімнің жүрек – қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады: қан қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді.

Ата-ананың міндеті – жасөспірімге ағзаның есею процесімен пайда болатын физиологиялық өзгерістерді жеңуге көмектесу

1 - Дұрыс ұстаным таңдау. Өз үміттеріңізді балаңыздың мүмкіндіктеріне лайықтаңыз.

Жасөспіріміңіздің кез –келген кеңесіңіз бен бұйрығыңызды сөзсіз қабылдайды және оны тез арада тіл алғыштықпен орындайды деп күтпеңіз. Алдын ала ол бағынады, тіл алады деп күтіп, сіз ойлағандай болмаса, стресске душар боласыз. Керексіз проблемалар мен жанжалдарды туындатпас үшін, өз үміттеріңізді балаңыздың мүмкіндіктеріне лайықтаңыз.

2 - Өз балалық шағыңызды еске түсіріңіз.

Балалық шақты еске түсіру – сізге балаңызды, оның мінез – құлқын, күйзелістерін түсінуге мүмкіндік береді.

3 - Жасөспірімді өз үлгіңізбен тәрбиелеңіз.

Жасөспірімдер ересектер тарапынан болатын кез –келген екіжүзділікті бірден сезеді. Сондықтан баладан талап етпес бұрын, өздері соған лайық іс –әрекет көрсету.

4 - Жасөспірімге көп кінә тағуға және үлкен үміт артпаңыз.

Бұндай моральдік жүк , үлкендерге де, балаларға да ауыр тиюі мүмкін.

5 - Жасөспірімге ақшаны бағалауды үйретіңіз.

Жасөспірімге міндетті түрде өз кәсібіңіз, бизнесіңіз туралы айтып отырыңыз. Ол табыстың қайдан келетінін, қайда кететінін, отбасылық бюджет қалай бөлінетінін түсінуі тиіс.

6 - Біртіндеп баланы өзі, өз қиындықтарын жеңуіне дағдыландырыңыз.

Өзі мақсаттар қойсын, және оған жету жолдарын өзі айқындасын. Балаңызға өз жолын өзі салуды үйретіңіз.