Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті ата-ана, оқушы!




Көктемгі демалыс кезінде сақталатын өмір қауіпсіздігі туралы жадынама

 

  1. Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпасын.

  2. Жарлы және жайылымды жағада тұрмасын - олар опырылып кетуі мүмкін.

  3. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамасын, ол жерлерде ойнауға болмайды.

  4. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмесін.

  5. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болсын.

  6. Өзен, көлдің жағасына ересектерсіз бармасын . Жол ережесін сақтасын. Отпен, электр бұйымдарымен абай болсын.

  7. Кешкі сағат 20.00-ден кейін көшеде балаңыз заңды өкілсіз жүрмесін. Спирттік ішімдік, темекі тартудан аулақ болсын. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және телефон арқылы мәлімет бермесін.  Күдікті пакеттерді, хатты ашпасын, олар туралы ересек адамдарға айтсын. Бос уақытын мазмұнды ұйымдастырсын, салауатты өмір салтын сақтасын, жүйелі түрде спортпен айналыссын .Заманауи талапқа сай болсын. Қоғамдық орындарда, көшеде әдеп сақтау ережелерін сақтасын.

  8. Достарына адал болып, ата-ана, отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектессін.

 

Балаңыздың көктемгі демалысты тиімді және мазмұнды ұйымдастыруға, жақсы демалып келуге тілектеспіз!



Әкімшілік