Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ата-аналар назарына!!

✅Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап жаңа 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.

? Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.
- порталға:⤵️
- ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініш;
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
- баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

❗Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.