Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

21 сәуір -Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» онкүндік аясында ұйымдастырылған мектепшілік «Үздік класс жетекші - 2023» байқауының жеңімпаз
✅ І орын иегері Жанай Гаухар Талғатқызы, 
✅ ІІ орын иегері Бағыланова Асылай Бағыланқызы, 
✅ІІІ орын иегері Абугазиева Динагүл Кемалбаевна, ✅"Жаңашыл класс жетекшісі" номинациясының иегері Утегенова Мейрамгүл Жакуовна, 
✅"Батыл класс жетекшісі" номинациясының иегері Ниязбекова Қамар Курушбековна, 
✅"Қолөнер шебері" номинациясының иегері Жүгінісова Әсел Ернатқызы класс жетекшілерді мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжайқызы, Ғұбайдолла Ақтаев атамыздың келіні Ақтаева Джанат Үмбетовна , кәсіподақ ұйымының төрайымы Турешова Жадыра Тойлыбаевна құттықтап, диплом мен мадақтамаларымен, демеушісі Ақтаев әулетінің және кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлықтарымен, "Jýsan Bank" банктің естелік сыйлықтарымен марапатталды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!Бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асылқазына сын құя білетін, ұстаз деген атқа лайық класс жетекшілерімізге мың алғыс!!!