22 сәуір-Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Ұрпақ жадында үлгі тұтар ұлағатты істерімен есте қалған ұлы тұлғаның рухына бас иіп, оны еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Мектебіміздің мақтаныштары Республикалық хор байқауларының жүлдегерлері «Айналайын» балалар хор ансамьблінің орындауында «Ақтаев гимні» айтылды (сөзі: Романова Жания Орынжайқызы, Муханбедиярова Дина Базарбайқызы, әні: Мырзатаева Лалагүл Елепқызы). Ұлағатты ұстаз есімін қашан да мақтанышпен айтып жүретін мектебіміздің барлық шәкірттерінің атынан гүл шоғын қою рәсімі киелі қара шаңырақтан қанат қаққалы отырған 11 сынып түлектеріне "Алтын белгі" төс белгісіне үміткер Ғалымжан Батырбекке, мектеп Президенті, үздік аттестатқа үміткер Ағыбаева Еркемайға, үздік аттестатқа үміткер Сатыбалдиева Сабинаға, үздік аттестатқа Бекжанова Әдеміге берілді.
Мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжайқызы, Қамқоршылық кеңестің төрайымы Жалмаханова Ляззат Зинадиновна,1953 жылғы мектеп түлегі ардагер ұстаз ҚР-ң оқу ісінің үздігі, ЫАлтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қамқоршылық кеңес мүшесі Қуан Қамалхан Қуанұлы, 1953 жылғы мектеп түлегі , Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, Қамқоршылық кеңес мүшесі Ғизатов Бақыт Базарғалиұлы, Ғұбайдолла Ақтаев атамыздың келіні Ақтаева Джанат Үмбетовна, кәсіподақ ұйымының төрайымы Турешова Жадыра Тойлыбаевна және мектеп әкімшілігі онкүндік аясында ұйымдастырылған «Ақтаевтың ізбасарлары» математика пәні олимпиадасының, «Класс басшысы - 2023» байқауының, «Ғ.Ақтаев кубогы-2023» волейболдан педагог қызметкерлердің ойынының, қалалық оқушылар арасында волейбол мен баскетбол ойындарының, мектепшілік мұғалімдер арасында үстел теннистің, оқушылар арасында асық ату, дойбы, жеңіл атлетика , шахмат, тоғызқұмалақ спорттық ойындарының, дебат , «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздарын құттықтады. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/am-orshyly-ke-es/678-lgi-t-tar-ly-t-l-a-2.html#sigProIdabe94257ea