Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

20.10.2023ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 5-8 сынып ата-аналарына арналған "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбында сабақ өткізілді.

Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.
Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.
Сабақ барысында ДТІЖО Б.З. Матаева сөз алып, әлеуметтік педагог Ә.Шүйінші талқылау сұрақтарын қойып, ата-аналардан жауап алды. Мектеп психологы Қ. Сагинбаева тренингтер өткізіп, жағымды ахуал орнатты. 5-8 класс жетекшілері Д.Н. Шанаева, Д.К. Абугазиева ата-аналарға бейнефильм көрсетіп, топтық тапсырмалар берді. Ата-аналар белсенділік танытып, бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдермен бөлісті. Сабақ соңында сауалнама алынып, кері байланыс берілді.