Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

29.09.2023ж. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде ДТІЖО Б.З. Матаеваның басшылығымен "Ата-ана бақытты бала" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

(МАД, 1-11кл ) Күн тәртібінде қаралатын мәселелер тізбегі бойынша 
"Ата-ана бақытты - бала" тақырыбы бойынша мектеп-гимназия директоры Ж.О. Романова бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы екендігін баса назарда екенін айтып өтті. 
"Балалардың киберқауіпсіздігі, кибергигиенасы және кибермәдениетіне қатысты жағымды әдеттерді қалыптастыру" бойынша ДТІЖО Б.З. Матаева қосымша ақпараттар мен кеңестерді ортаға салды. 
"Жол -көлік оқиғалардың, жағдайлардың, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, келеңсіз оқиғалардың, агрессивті мінездің алдын-алу" тақырыбында мектеп инспекторы А. Сексенбаев, аға жедел уәкіл полиция капитаны Байсултанов М.Е. жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарттарын атап өтті. 
"Білім алушылардың бос уақытын тиімді, мазмұнды, мағаналы ұйымдастыру";
"Білім алушылардың бос уақытын тиімді, мазмұнды, мағыналы, ұйымдастыру" , "Ата-ананың бақылауында"/ "Родительский контроль" бойынша Л.З.Жалмаханова өз пікірімен бөлісті.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" Үштік одақ мәселелері туралы ДТІЖО Г.Т. Жүсіп презентация таныстырылып, мағыналы бейнефильм көрсетіп, теория қосымша ақпараттар мен кеңестер берді. 
Үш одақ ата-ана,мұғалім, оқушы арасындағы байланысты нығайту,педагогикалық -психологиялық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологтары А.Канжагулова, Қ.Сагинбаева түсіндірме жұмыстарды баяндады. 
Ата-аналардың көңіл күйін көтеру, сергіту мақсатында нейро жаттығулар өткізді.#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy