Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Облыстық ЖИТС орталығының мамандары 2023 жылғы 8 қыркүйекте облыстық жастар және балалар ұйымы қауымдастығымен бірлесіп, қалалық орталық кітапханада АИТВ-инфекциясының алдын -алуға бағытталған іс-шара өткізді.

Іс-шараға Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері мен №6 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында тренинг түрінде берілу жолдары, АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынылып, осы тақырыпта көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy