Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар, ата-аналар!


📖Баршаңызды бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - БІЛІМ КҮНІМЕН және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 👏

Бүгін, мектебімізде сағынышқа, шаттыққа толы"Мектебім-мейірім мекені" атты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті. 👏

📖Биылғы оқу жылында 167 бүлдіршін мектеп-гимназияның табалдырығын алғаш рет аттап, жаңа өмірге қадам басты. Олар дәл бүгінгі алғашқы қоңырау үнін естігеннен бастап мектеп-гимназияның 1-сынып оқушылары атанды.
Мектеп-гимназияның басшысы Романова Жания Орынжайқызы оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жас өрендерге білім нәрімен сусындау жолында сәттілік тіледі.
Мектеп-гимназияның Қамқоршылық кеңестің төрағасы, 1953 жылғы мектеп түлегі, ардагер ұстаз, ҚР-ң оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, ​облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуан Қамалхан Қуанұлы арнайы келіп, оқушыларға ақ батасын жаудырды.🤲#Bilim_quni