1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, “Алғыс айтамыз, бәріне!” және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай,
“Арулар - асыл жандар” атты мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 6 наурыз күні мектебімізде “Үлкенге 100 сауал” бағдарламасы болып өтті. Бағдарлама қонағы 2005-2009 жыл аралығында оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарған, көркем еңбек пәнінің «педагог-зерттеуші мұғалімі, шығармашыл ұстаз, Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпазы Сатыбалдина Задагүл Төлемісқызы шақырылды.
Бағдарламаның мақсаты-оқушылар үлгілі тұлғалармен еркін әңгімелесу арқылы ұғымдық ақпаратты, басқаларды түсіну дағдыларын, топтық жұмыс дағдыларын, ауысша интеллектті дамыту және өзін-өзі тану мотивтерін қалыптастыру. Бағдарламаға 8-11 класс оқушылары қатысып, түрлі қызықты сұрақтар қойды.
Задагүл Төлемісқызы
өмірлік ұстанымдарын, көзқарастанын әңгімеге арқау етіп, оқушылардың сауалына еркін жауап беріп, бірер естеліктермен бөлісіп, жарқын сәттерін еске түсірді. Кеш қонағы Задагүл Төлемісқызы оқушыларға өзінің өмірінің жарқын сәттерін баяндап, қоғамдық тақырыпта ойларымен бөлісіп,еркін форматта сұқбат болды. _Задагүл ✅Төлемісқызы ерекше сұқбат қойған оқушыларға ақшалай сыйлық табыстады._ ✅Бағдарлама соңында естелік суретке түсіп, естелікке сыйлық табысталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты#бала_жылы_ақтөбе@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy