2022 жылдың 1 желтоқсан күні сағ 13.00-де “Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясы” КММ - нің мәжіліс залында “Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер үдерісі орталығы” медиатор-психологы Тайшикова Бахыткуль Кенесовна педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.
Өз сөзінде ата-аналар қауымдастығымен және білім алушылармен қарым-қатынас үдерісінде келіспеушілік пен түрлі дау-жанжалдардың алдын-алу мақсатындағы оңтайлы жайттарға тоқталып, бүгінгі таңда медиация орталығының қажеттілігі жөнінде жан-жақты баяндады. Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Соңында мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна лектордың тұшымды лекциясы үшін ұжым атынан алғысын айтты.