1 класс оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында алынған тест нәтижесі талданып, отырыс өткізілді. Отырыста мектеп директорының бастауыш кластар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.А.Кушекбаева, 1 класс жетекшілері, мектеп психологы С.А.Қонысбай қатысты.
Отырыс барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері талданып, әрі қарай бақылауда болатындығы айтылды.