09.11.2022ж. Кәмелет жасқа толмағандар арасында есірткі заттарын қолданудың алдын-алу мақсатында “Біз нашақорлыққа қарсымыз! “ мектепішілік жоспарға сәйкес #2 қалалық емхананың және облыстық ЖИТС орталығының маманы Матаева Меруерт Канатовна 8-11 сыныптың оқушылары үшін “Салауатты өмір салтын ұстанайық” тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Мақсаты:Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа. денсаулыққа баулу.