Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 21 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның жетекшілігімен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес денешынықтыру пәні мұғалімдерінің көшбасшылығымен үш кафедра арасында дүрілдеген қозғалыс додасы өтті??????


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Кушекбаева Фарида Абсатовна, Кулмурзина Замзагул Жораевна, денешынықтыру пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі Нугманов Арман Орынбасарович төрешілік етті.
Алып күштің иелері- Жаратылыстану пәндері кафедрасы жүлделі 1- орынды, Бастауыштың батыл, қайсар командасы жүлделі 2-орынды және байсалды, мықты Гуманитарлық пәндер командасы жүлделі 3-орынды иеленді. 
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Бастауыш”, “Жаратылыстану” және “Гуманитарлық” пәндер командаларын жеңісімен құттықтап, мектеп басшысы Романова Жания Орынжаевнаның атынан АЛҒЫС ХАТТАР тапсырды.
Бекзада Амангелдіқызының “ Зумба “ жаттығулары мен “ Қаражорға” биі жарасыммен, әдемі орындалды?????? Біздің сымбатты қыздар бәріне икемді.
Жұдырықтай жұмылған денешынықтыру пәнінің жігерлі, текті мырзаларына зор алғыс?Күш тасқынының қуатын реттеп, байыппен бабына жеткізген Ақтаевтың намысшыл жігіттері, төрдегі бастарыңыз төмен түспесін??
Сегіз қырлы, бір сырлы, ниеттері түзу, пейілдері кең, бәріне дайын, тәуекелшіл ұстаздар тек қана Ақтаевта еңбек етеді??
Біз сіздермен мақтанамыз!
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy