Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 21 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның жетекшілігімен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес “ Ғылым және инновация “ командасының магистрі Жұмағазиева Жазира Бердіғалиқызы 7 “Ә” класында “Кері итеруші күш” тақырыбындағы тәжірибе алмасу сағатында сандық технологияны үйлесімді қолданды. Теорияны тәжірибемен ұштастыруға білім алушылар икемді, қызыға кірісті. Бірін-бірі толықтырады, оқу әрекетіне ықыласты☀️


Жазира Бердіғалиқызының мақсатына жеткен физика сабағы мектеп- гимназиясы басшысы Жания Орынжаевна мен әріптестерінің жандарын жадыратты. “ Ақтаев айдары” жобасының авторы ретінде, алғашқы ізденістің шымылдығын ашты 👏🏻👏🏻👏🏻🥰
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy