Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 21 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның жетекшілігімен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес “ Ғылым және инновация “ командасының көшбасшысы, магистр Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызының “ Дұрыс тамақтану “ жәрмеңкесін бағыттап, баулыған шәкірттері қызу жүргізді🔥🔥🔥


Қайырымдылық мақсатын көздеген жәрмеңке жұмысына мектеп-гимназиясы басшысы Романова Жания Орынжаевна жоғары баға беріп, алдағы уақытта жүйелі жүргізу жөнінде өз ұсынысын айтты.
Оқушыларына кәсіби бағдар беріп, функционалдық сауаттылықтарын дамытудағы ғылыми жоба жұмысы - Аяжан Жәнібекқызының алдағы бағындырар биігіне салған алғашқы баспалдағы☀️☀️☀️
Қоғам құндылығы адам денсаулығына зейін аударып, пайдалы кеңеске құлақ түргізген сауабы мол қайырымды ісіңіздің берекелі табысына қол жеткізіңіз, құрметті Аяжан Жәнібекқызы! Біз Сізді мақтаныш етеміз☀️
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy