2024 жылдың 21 ақпаны күні қалалық “Әдістемелік кабинет” КММ жоспарына сәйкес “Алғашқы әскери дайындық және технология мен дене шынықтыру пәндері арасындағы тәжірибелік сабақтастық” тақырыбындағы алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинарды мектеп-гимназиясы басшысы Романова Жания Орынжаевна ашып, сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна мектеп тарихымен таныстырып, семинар бағдарламасына тоқталып өтті. Мектеп психологтары Канжагулова Алия Амангелдиевна мен Сагинбаева Кундыз Таженовна ұйымдастырған “Өзіме, көршіме” тренингі жағымды эмоция сыйлады.
Мектебіміздің жас, бірақ жаңашыл маманы Ринат Сарыбайұлының 10 “А” класында “Химиялық қару” тақырыбында өткізген тәжірибе алмасу сабағы инновациялық технологияға негізделді. Білім алушылардың ықыласы керемет болды?
Әріптестері Ринат Сарыбайұлының кәсіби ізденісі мен еңбекқорлығына риясыз разы болып, зор құрметпен қарады. Лалагүл Елепқызының “Айналайын” балалар хорының патриоттық репертуары семинар қонақтарын таңырқатты. Оны дүркірете соққан шапалақтары аңғартты. Шәкірттеріміздің санасындағы ұлттық үрдіс көңілімізге жылылық ұялатты. Кәсіби кері байланыстан соң, Ринат Сарыбайұлына келесі оқу жылында облыстық семинар өткізуге ұсыныс жасалды ??????
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy