Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 20 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аманжолова Гульжихан Ауданбаевна 1 “В” класында “Құралдар мен қозғалыс ойындары”тақырыбында сапалы сабақтың үлгісін көрсетті. 👍🏼👍🏼👍🏼


Кешенді жаттығулар түріне : сапқа тұру, жүру, жүгіру, қатарға бөліну, жеңіске ұмтылуға бүлдіршіндер машықтанып үлгерген 👏🏻👏🏻👏🏻
Тәжірибе алмасуға қатынасқан әріптестері мақсатына жеткен мінсіз сабақ авторы, жауапкершілігі мол, байыпты, ісіне мығым, тиянақты ұстаз Гульжихан Ауданбаевнаға ризашылықтарын білдірді 😍😍
Келешек ел тізгінін ұстайтын, шыныққан, шымыр жігіттер мен ұлт абыройын қорғайтын қырағы, өжет қыздарды тәрбиелеудегі еңбегіңізге жаңаша серпін тілейміз, құрметті Гульжихан Ауданбаевна !

@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy