Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 20 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес “Ғылым және инновация”одағының магистрі, математика пәнінің мұғалімі Тоқмағамбет Еркебұлан Мұхтарұлы 6 “А” класында “Бір айнымалысы бар теңсіздік” тақырыбында тәжірибе алмасу сағатын өткізді.


Барлық баланы тұтас жұмыстандырып, өз пәніне қызықтыра алған Еркебұлан Мұхтарұлы сабағында сандық технологияны ұтымды қолдана білді 👏🏻👏🏻👏🏻 Шәкірттерімен достық, ілтипатты қарым- қатынасы жас та болса , ұстаз жүрегінің ізгілігі мен имандылығын танытты 👍🏼
Тәжірибе бөлісуге қатынасқан мектеп- гимназиясы басшысы Жания Орынжаевна мен бір топ әріптестері Еркебұлан Мұхтарұлына математика ғылымының жілігін шағып, майын ішкен Ақтаевтың ізбасары болар, бәлкім ,-деген үкілі үміттерін жасырмады🔥🔥
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy