Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 19.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна басшылық жасайтын және шығармашыл ұстаздар: “педагог-зерттеуші”, Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен “педагог-сарапшы” Адилканова Гулим Базаралиевна жетекшілік ететін, 19.02-29.02.2024 ж. күндері аралығында өтетін жаратылыстану пәндері декадасының “Жаратылыстану-әлемді билеген нақты ғылым” атты онкүндігі мұғалімдердің кәсіптеріне деген риясыз махаббатымен, заманауи үлгі-ізденісімен, тұлғалық мән- мәдениетімен, рухани рухпен ашылу салтанаты өтті.


Мақсаты: Қазіргі заманда жаратылыстану ғылымының ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай оқушыларға қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу; барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан - жақты қалыптастыру; тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында еңбек ету.
Мектеп- гимназиясы басшысы Жания Орынжаевна онкүндіктің ашылу салтанатының ерекшелігін қуана қолдап, алдағы жоспарлы іс- шараларға сәттілік тіледі!
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy