Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Шығармашылық- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, кәсіби шыңдалуы, тұлғалық дамуы және биікте танылуы. Жеке адамның рухани қабілет, мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай кәсіби дамыту- білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Мұғалімнің кәсіптік сапалары, оның білімдарлығы, қоғамдық ортада қарым-қатынасының шығармашылық және креативті сипатта болуы,оқушыны зерттей отырып берілетін білім сапасы мен пәннің берілу сапасын арттыруды мақсат етуі, өнімді еңбектенуі-заман талабына сай білікті маман екендігінің дәлелі.


Осы орайда, мектеп-гимназиямызда 2023-2024 оқу жылында 5 шебер класс жұмысы іске қосылды. Авторлары: Жолманова Аймкуль Клышбаевна,Нукусова Ботакоз Конысбаевна, Кыстаубаева Серикгул Колганатовна, Жантурина Гулшат Танирбергеновна, Сарсембаева Акмарал Жетескызы. Озық педагогикалық іс-тәжірибелері қала, облыс көлемінде таратыла бастады.

@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy