Бүгін, 13.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Оқытудағы инновациялық тәсіл және оны иформатика, физика, математика пәндерін оқытуда іске асыру жолдары” тақырыбындағы физика, информатика, математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық тәжірибелік семинарға қатыстыруға сұраныс берілген физика, информатика, математика пәндерінің жас мамандары: Өтеміс Нариман Әнесұлы, Жұмағазиева Жазира Бердіғалиқызы және Тоқмағамбет Еркебұлан Мұхтарұлымен әдістемелік кеңес сағатын өткізді.
Білім-адамзат меңгерген
білім жүйесін қабылдау, қайта жаңғырту ғана емес, жаңаны ашуға бағытталған ізденіс, білімді жасампаздық қызметке пайдалану процесі. Бұдан шығатын қорытынды: білім берудің негізгі міндеттерінің бірі-жеке тұлғаны бүгінгі таңда өмір сүруге бейімдеу емес, болашақ қоғамды жасауға және сол қоғамда өмір сүруге дайындау. Бұл ретте жастар үнемі ізденіс үстінде өзін-өзі тұлғалық және кәсіби,әлеуметтік жағынан дамытып отыруға міндетті.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy