Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 12.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ”тақырыбында бастауыш кластың шығармашыл, креативті, «педагог-зерттеуші» мұғалімі Кыстаубаева Серикгул Колганатовна мен «педагог-сарапшы» мұғалімі Жантурина Гулшат Танирбергеновнаның қалалық деңгейде алғашқы шебер класы ашылды. Бастауыш кластың тәжірибелі, “педагог-зерттеуші” мұғалімі Табылдина Баглан Жалгасбаевна әріптестеріне батасын беріп, шашу шашты. 


Шебер класты Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры Ж.О. Романова алғы сөзбен ашып, сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярова шебер кластың мақсат, міндеттеріне тоқталып, жұмыс жоспарымен таныстырды. 
Шебер класс “Танысу” тренингімен басталды. Шебер класс авторлары теориялық бөлімде “Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жұмысының жүйесі” тақырыбында оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған озық педагогикалық іс-тәжірибелерімен жан-жақты таныстырды. Ал практикалық бөлімде шебер класс мүшелері көрсетілген әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өзара тәжірибе алмасты. Шебер класс мүшелері белсенді кері байланыс жасап, креативті тұрғыда жүргізілген жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Бастауыш кластың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кушекбаева Фарида Абсатовна шебер класс авторларына ыстық лебізін білдіріп, кафедрадағы әріптестері шоқ гүлдерін сыйлады. Соңында Дина Базарбаевна қорытынды жасады.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy