Бүгін, 09.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының даму жоспарына сәйкес “ Заманауи сабақты тиімді жоспарлау “ тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның ұйымдастыруымен “ Өрлеу” филиалының аға оқытушысы, тренер А.А.Изтлеуованың теориялық дәрісімен және практикалық диалогымен облыстық семинар- практикум өткізілді.
Акмарал Ақтамбайқызы семинарда педагогтерге сабақтың мақсатын қою, Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды құрастыру және оны пайдалану бойынша материалдарды ұсынды. Сондай-ақ, семинарға қатысушы мұғалімдер сабақтың мақсатына сәйкес келетін тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, белсенді сабақ ұйымдастыруда Д. А.Колб ұсынған модель кеңінен талқыланды.
Нәтижесінде мұғалімдерге сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, оқушыларды оқу-тәрбие процесіне белсенділік таныту бойынша ұсыныстар берілді. Семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, белсенділік танытқан 3 мұғалім Алғыс хатқа ұсынылды:
1) Туалбаев Гарифулла Сейфуллаулы;
2) Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызы;
3) Жүгінісова Әсел Ернатқызы
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy