Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 26.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Мектеп командасы:тиімді басқару және білім сапасы» курс бағдарламасы аясында 1-бөлім “Геймификация математика әлемінде”, 2-бөлім “Басқарудың командалық әдісінің қажеттілігі” тақырыбында облыстық семинар өтті.


Аталмыш шараға ПШО директоры Т.Ә.Акимова,қалалық ғылыми әдістемелік орталығының директоры А.М.Сүлейменова,облыстық әдістемелік орталығының әдіскері С.О.Жұбаева, “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік және қосымша білім беру орталығының әдіскері Р.О.Жұманова, “Өрлеу”кәсіби өсу институтының аға оқытушысы С.Қ.Сүлейменова қатысты.
Мектеп-гимназиясы басшысы Ж.О.Романова алғы сөз сөйлеп, шығармашылық жобаның мақсаты және міндеттеріне тоқталып,сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна ғасыр жасаған мектебіміздің шежірелі тарихымен жан-жақты таныстырды.

@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy