Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 08.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна ұжымдағы 40 жылға жуық еңбек өтілімі бар педагог-зерттеуші, шығармашыл, тәжірибелі ұстаздармен әдістемелік кеңесу сағатын өткізді. 

Басты мақсат-“Оқытудың инновациялық технологиялары-сапалы білім бастауы” тақырыбында тәлім алушы жас мамандармен кәсіби әңгіме жүргізу, шеберлік сағатын өткізу, озық тәжірибені үйрету және кәсіби сауалдарға жауап беру.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі заманда мұғалімдер инновациялық технологияларды сабақ барысында тиімді пайдалана отырып, сабақтың берілу сапасы мен білім алушылардың білім сапасын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы өте зор.
Аталмыш тақырыптағы іс-шараны өткізу ағымдағы жылдың 11 қаңтарында сағат 13:00-ге белгіленді.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy