Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 17.10.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-әлеуметтік қолдау түрлері мен қоғамдағы маңыздылығы” тақырыбында

қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Миндалина Гульнара Урналиевнаның жетекшілігімен білім беру мекемелері дефектологтары және логопедтеріне, арнайы педагогтеріне арналған қалалық семинар болып өтті.
Өз тәжірибелерімен теориялық және практикалық бағытта бөліскен №55 ОМГ арнайы педагогы Э.И.Уркеноваға, Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ педагог-дефектологы А.К.Кенжесбаеваға, педагог-логопеді Б.А.Дүзбағамбетоваға,А.Байтұрсынұлы атындағы №24 ЛМГ педагог-логопеді Г.Д.Идирисоваға,№57 ЖББОМ мұғалім-логопеді Ж.Мухамбетжановаға, семинарға қатысушы әріптестері ризашылықтарын білдірді. А.Ж.Жаңабергенова жетекшілік ететін “Ғылым және инновация” магистрлер одағы ұйымдастырған “Ынтымақтастық толқыны” және психологтар А.А.Канжагулова мен К.Т. Сагинбаева сергіткен психологиялық тренингтері көпшілік көңілінен шықты.
Директордың міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна семинардың өткізілу нәтижесі мен маңыздылығына алғыс айтты.
@obrazovanie_gorod_aktobe