Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектеп-гимназиямыздың музыка пәнінің мұғалімі, “педагог-зерттеуші” Мырзатаева Лалагул Елеповна

жетекшілік ететін «Айналайын» балалар хоры Балалар мен жасөспірімдерге арналған көпжанрлы “ZHULDYZ FESTIVAL 2023” республикалық шығармашылық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Вокал және хор номинациясы бойынша жүлделі 1 орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Дарынды шәкірт тәрбиелеген дарынды ұстаз Мырзатаева Лалагул Елеповнаға директордың міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым атынан зор ризашылық білдіріп, алғыс айтты және 2024 жылы ақпан айында қалалық деңгейде жоспарлап отырған жұмыстарының барысы жөнінде кеңесті.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy