Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Командалық басқару” курсының оқу бағдарламасы негізінде құрылған “Геймификация математика әлемінде” жобасы бойынша

сабақтың берілу сапасы мен білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатын нысанаға алатын сабақтар сериалары бірізді жалғастырылуда. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен, математика пәнінің “ педагог-сарапшы”, көшбасшы мұғалімі Жанай Гаухар Талғатқызының жетекшілігімен тәжірибе алмасу барысында оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен пән мұғалімдерінің кәсіби өсулері байқалады. 
Мақсат нақты, нәтиже оңды.
Математика пәнінің мұғалімдері “ педагог-сарапшы”Қазыбекова Салтанат Құтжанқызының, “педагог-модератор” Пірімбет Ақтоты Пірімбетқызының, “педагог-модератор” Жанғазы Арайлым Серікқызының сәтті сабақтарына әріптестерінің көңілі толып, ризашылықтарын білдірді.
@obrazovanie_gorod_aktobe