Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

04.10.2023 ж күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы кітапханашылары

мен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, драматург, публицист Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай “Өр Алтайдың өрлі жазушысы” атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды жазушының шығармаларымен таныстыру; оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы “Өр Алтай, асқар таудың асқақ жаршысы” атты кітап көрмесімен таныстырды. 
Шара барысында оқушылар жазушының “Алғашқы нөсер”, “Оңаша ойлар”, “Алтай” және Марфуға Айтхожинаның “Ел-Ана, сені ешқашан ұмытпайды” Оралхан Бөкейге арнау өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар жазушының “Жылымық” атты шығармасынан “Соқыр қыздың монологы” үзіндісін 
10 “Б” сынып оқушысы Жалғасова Нилуфар сомдады. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Өмірбаева Сандуғаш Қуанышқызы мен жас өнерпаздар Оралхан ағамыздың сүйікті әндерінің бірі “Құстар қайтып барады” әнін орындады.
Кеш соңында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна шараны ұйымдастырушыларға, қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, оқушыларды көркем әдебиетпен ерте достасуға шақырды.
Жауапты: мектеп кітапханашылары Шайрова Г.Б. Базарбаева М.Ж.