Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 04.10.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Муханбедиярова Дина Базарбаевна денешынықтыру пәні мұғалімдерімен кеңес сағатын өткізді.
Мақсаты: білім алушылардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу процесін жоспарлау және жүзеге асыру, денешынықтыру мен спортты насихаттау бойынша шараларды жоспарлау және өткізу, түрлі спорттық сайыс кестелері мен бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау және үйлестіру, сенбі күнгі білім алушылардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру, спорттық клуб, секция жұмыстарын сапалы жүргізу мәселелері бойынша дұрыс шешімдер қабылдау.
Соңында пән мұғалімдері бірыңғай форма, бір түсті футболкалар алуды ұйғарды.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy